Астрахан ауданының қар тазалау жұмыстары: тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы

Астрахан ауданының қар тазалау жұмыстары: тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы

Қыстың басынан бастап Астрахан ауданының аумағынан 31 мың текше метр қар шығарылды.

Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды. Күн сайын арнайы техника шамамен 30 рейс жасап, 2000 текше метрден астам қарды шығарады.

Қар тазалау және шығару жұмыстарына келесі кәсіпорындар атсалысуда: ЖК «Максимус», ЖШС «Нива», ЖШС «Зеленое», ЖК «Карпенко», ЖШС «Жалтырское АТП», ЖШС «Байду-Агро», ЖШС «СХП Кызылжар», ЖШС «Острогорский», ЖШС «Колутонский ХПП», ШҚ «Дюсекеев», ЖШС «Гранит Петровка», ЖШС «Орнек 2005», КТ «Федоренко», ЖК «Сагадатов», ЖШС «СХП Колутон-04», ЖШС «Избасаров и К».

Ең алдымен, орталық көшелер, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылады. Күнделікті қар тазалау жұмыстары ауылдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға айтарлықтай үлес қосып, қоғамдық және жеке көліктердің қозғалысын қамтамасыз етеді.