Ақмолалық спортшылар шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Ақмолалық спортшылар шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

14-16 ақпан аралығында Италияның Милан қаласында шорт-тректен әлем кубогының кезеңі өтті. Ақмола облысының спортшылары Денис Никиша мен Мерсаид Жақсыбаев ерлер эстафетасы құрамында өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Олар тек Италия және Канада құрамаларына жол берді.

Еске сала кетейік, өткен аптада дәл осы спорт түрінен Қазақстан құрамасы Харбинде өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған болатын.