ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 16 қазанда екі сайлау округі бойынша Зеренді ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына,  44-бабының  2-тармағына, 45-бабына,         113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының  негізінде  сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Ақкөл сайлау округі

Ақкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1304 азамат енгізілді, олардың 872-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 20, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 22.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жанғалиева Ж.Қ. – 30; Қалабаев Ж.К. – 645; Молдағалиева Ж.М. - 121; Сұлтан А. – 34.

 

Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып Қалабаев Жанболат Көкенұлы сайланды, 1973 жылы туған, , Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну.

 

Күсеп сайлау округі

Күсеп ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1357 азамат енгізілді, олардың 966-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 49, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-14.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ғаббасова С.М. – 45; Сәрсенбаев Қ.Т. – 826; Усин Т.Қ. – 32.

 

Күсеп ауылдық округінің әкімі болып Сәрсенбаев Қуандық Тишібайұлы сайланды, 1987 жылы туған, Күсеп ауылдық округінің Өркен ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
17 октября 2022