Зеренді аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 26 қыркүйекте Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округі әкімінің Қонысбай сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                  14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қонысбай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша қорытындыларды белгіледі.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1118 азамат енгізілді, оның 1076-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" жолында белгі қойылған - 1

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Балмағамбетов Д.К. – 78; Башаров Ж. К. – 997.

Қонысбай ауылдық округінің әкімі болып Башаров Жеңіс Кеңесұлы сайланды, 1986 жылы туған, "Васильков НОМ" КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қонысбай ауылдық округінің Васильковка ауылында тұрады, " Партия "Nur Otan"ҚБ партиясымен ұсынылды.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45 бабына сәйкес 2021 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен, 2021 жылғы 26 қыркүйекте сайланған, Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

Зеренді аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
27 сентября 2021