2021 жылғы 26 қыркүйектегі Ақмола облысы Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 188/238 қаулысына қосымша

 

 

 

2021 жылғы 26 қыркүйектегі

Ақмола облысы  Зеренді  ауданының Қонысбай ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

 

1. Зеренді ауданының Қонысбай  ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауын тағайындау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы -  2021 жылғы

27 тамызында

(113-1-б. 2, 3-т.)

 

2. Сайлау округінің  тізімін, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылдың 06 қыркүйегінде

 (22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей,

2021 жылдың 06 қыркүйегіне дейін 

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2021 жылғы 11 қыркүйектен

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2021 жылдың 11 қыркүйектен кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

         6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2021 жылдың 28 тамызда басталады және  2021 жылдың 10 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (113-3-б. 1-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 (4-б., 2-тт.), 113-5-б., 11-т.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1тт.) 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына 2021 жылғы 1 тамызға арналған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органы

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 4-т.)

 

         14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2021 жылғы 06 қыркүйекте басталады және 2021 жылғы 15 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат  18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2021 жылғы 15 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2021 жылғы 06 қыркүйекке дейін

 (24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2021 жылғы 11 қыркүйекке дейін

 (26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 16 қыркүйекке дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн кешіктірмей

2021 жылғы 23 қыркүйектен ерте емес және 25 қыркүйектен кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2021 жылғы 26 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні 2021 жылғы 26 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайында арнайы белгіленген орынға ілу

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2021 жылдың 29 қыркүйектен кешіктірмей

 (113-10-б.)

29. Қонысбай аулдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2021 жылғы  29 қыркүйектен кешіктірмей

 (44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді        доғаратыны        туралы       жазбаша

өтініш алғаннан кейін  2021 жылдың 03 қазаннан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021 жылғы 26 қыркүйектегі Ақмола облысы Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
Дата публикации
27 августа 2021