
2021 жылғы 26 қыркүйек Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қараөткел сайлау округі бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4666 азамат енгізілді, оның 639-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 20, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 25.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дауылтаев Т.К. – 151; Мукушев А.С. – 433; Хусаинов Д.Г. – 10.
Қараөткел ауылдық округінің әкімі болып Мукушев Азамат Серікұлы сайланды, 1982 жылы туған, «Целиноград ауданы әкімдігі істері басқармасы» КММ басшысы, Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Талапкер ауылдық сайлау округі бойынша Талапкер ауылдық округі әкімінің сайлауы:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3028 азамат енгізілді, оның 644-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жахин Н.Г. – 23; Кужубаев М.А. – 507; Мырзахан О.М. – 88.
Талапкер ауылдық округінің әкімі болып Кужубаев Мирас Әлібекұлы сайланды, 1988 жылы туған, Талапкер ауылының әкімінің орынбасары, Талапкер ауылдық округінің Талапкер ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы