КӨКШЕТАУ ӘКІМІ СТАНЦИОННЫЙ КЕНТІНІҢ ДАМУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

КӨКШЕТАУ ӘКІМІ СТАНЦИОННЫЙ КЕНТІНІҢ ДАМУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қала әкімі Әнуар Күмпекеев жұмыс сапары барысында Станционный кентіне барып, жергілікті кәсіпорындардың қызметімен және жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Аралау аясында әкім дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, сақтау, кептіру және жөнелту жұмыстарымен айналысатын «Арша-2» ЖШС-не барды. Кәсіпорын аумағында ағымдағы жылы жасымық өңдеу зауытын салу жоспарлануда, бұл өндірістік қуаттылықты кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді күшейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ әкім Үміт және Абай көшелерін орташа жөндеу барысымен танысты. Жоба Оқжетпес көшесіне ұласатын айналма жолды және №22 автобус маршрутының қозғалысына арналған аялдама павильондарын салуды көздейді.

Аралау соңында әкім кент тұрғындары үшін азық-түлік өнімдерін сататын «Адал» маркетіне барды.