ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Красный Яр ауылына барып, Красный Яр ауылынан Садовый ауылына дейінгі ұзындығы 7 шақырым болатын жолдың орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында әкім қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару кешенінің құрылысымен танысты. Жылына 70 мың тонна қалдық қабылдауға қауқарлы заманауи нысан қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Бұл экологиялық ахуалды жақсарту және қала инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды қадам болмақ.