«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аяқталуға жақын. Соңғы аптадағы «Мөлдір бұлақ» өзендердің жағалауын қоқыстан тазартуға бағытталған. Қарасай ауданында аудан әкімі Жасұлан Естеновтың қатысуымен Жандосов ауылдық округі аумағында, Шамалған өзенінің бойында өткен аудандық сенбіліктен басталды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аяқталуға жақын. Соңғы аптадағы «Мөлдір бұлақ» өзендердің жағалауын қоқыстан тазартуға бағытталған. Қарасай ауданында аудан әкімі Жасұлан Естеновтің қатысуымен Жандосов ауылдық округі аумағында, Шамалған өзенінің бойында өткен аудандық сенбілікпен басталды.

Жасұлан Тоққожаұлы орынбасарларымен, сондай-ақ аудандық бөлім, қызмет басшылары, ақсақалдар мен жастар өкілдерімен бірге ағаш көшеттерін отырғызды.

Онымен бірге Жандосов ауылында туып-өскен ардақты ақсақал Күшәлі Асратов  тал көшеттерін отырғызды. Оның ойынша, бұл күні аудан басшылығы да, ақсақалдар да жастарға үлгі-өнеге көрсетті.

Жандосов ауылдық округі әкімінің орынбасары Ләйлә Әбілқайырова аудан әкімі аппаратының қызметкерлері де, ерікті жастар да өзен жағасын қоқыстан үнемі тазартып тұратынын түсіндірді. Қазір мұнда да абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ал оларға аудан әкімінің өзі атсалысуының өзі үлкен шабыт, әрі үлгі болды.

Шамалған өзені маңындағы акцияға барлығы 200 қарасайлық қатысты. Олар 200 түп жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. «Мөлдір бұлақ» апталығы жалғасуда.