«Таза табиғат – ел көркі!» атты ақпараттық-ағартушылық іс-шарасы Қарасай ауданында өтті

«Таза табиғат – ел көркі!» атты ақпараттық-ағартушылық іс-шарасы Қарасай ауданында өтті

Алматы облысының Қарасай ауданында «Таза табиғат – ел көркі!» атты экологиялық бағыттағы ақпараттық-ағартушылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті.

Басты мақсат – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау жауапкершілігін қалыптастыру және қоғамды табиғатты аялау қозғалысына жұмылдыру.

Кездесуге жастар, оқушылар қатысты. Қатысушылар табиғатты қорғау, тұрмыстық қалдықтарды басқару, жасыл аймақтарды көбейту тақырыптарында пікір алмасты.

Шара барысында сөз сөйлеген «Тұрақты дамуға көмектесу орталығы» қоғамдық қорының жоба координаторы Әшімхан Аружан, Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Жағыпар Әкежан Қозыбекұлы және Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Қазақстандық ұйғырлардың Республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нурузова Айшам Турсуновна экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі кездесу – жай ғана ақпарат алмасу емес. Бұл – әр азаматты экологиялық мәдениетті арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру. Өйткені таза орта – ұлт болашағы, ал болашақ – біздің қолымызда.», – деді жоба координаторы Әшімхан Аружан өз сөзінде.

Шара соңында қатысушылар табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларды қолдап, «таза қоршаған орта – таза сана мен жарқын болашақтың кепілі» деген ортақ оймен тарқасты.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan