Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Алматының Бостандық ауданында Жароков көшесінің Қожанов көшесінен Дунаевский көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары басталады. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Бұл жұмысты «НКО» ЖШС мердігер ұйымы жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін, кепілдік міндеттемелері аясында жүргізеді.

Аталған аумақта бұған дейін «ТК 4-2-ден «Алмагүл-Южный» сорғы станциясына дейінгі жылу желілерін қайта жаңарту» жобасы жүзеге асырылған болатын. Инфрақұрылымды жаңарту нәтижесінде 1984 жылы пайдалануға берілген жылу магистралінің ресурсы қалпына келтіріліп, жылу шығыны мен апаттық деңгейін азайтуға мүмкіндік туды.

Жол жұмыстарын 2026 жылы 26 наурыз бен 5 сәуір аралығында жүргізу жоспарланып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерді ескеріп, қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.