Абай алаңы Алматыдағы Наурыз мейрамындағы мерекелік көңіл күйдің басты орталығы болып қала береді

Абай алаңы Алматыдағы Наурыз мейрамындағы мерекелік көңіл күйдің басты орталығы болып қала береді

Бүгін Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған қалалық іс-шаралардың жалғасы ретінде «NAURYZ LIFE» концерттік бағдарламасы өтеді.

Басталуы — сағат 18:30. Сахнада Мәдина Сәдуақасова, Шахизада, Бақыт Шадаева, Сейфуллин Жолбарыс, Абай Бегей, Жігер Ауыпбаев, Нұрсұлтан Нұрбердиев, сондай-ақ «Art Band» вокалдық-аспаптық ансамблі өнер көрсетеді.

Алдыңғы күндері Абай алаңы мерекенің негізгі алаңдарының біріне айналды. Мұнда танымал өнерпаздардың қатысуымен концерттер, «Қазақша терапия» музыкалық жобасы, сондай-ақ «Steppe Sons» және «Aldaspan» топтарының өнер көрсетуі өтті.

Алаң әртүрлі жастағы көрермендерді біріктіруде. Қала тұрғындары отбасымен және достарымен келіп, әндерге қосылып, әр өнерді бейнетаспаға түсіріп, мерекелік көңіл күйде уақыт өткізуде.