
Заңсыз салынған қосалқы нысан Нұр Алатау шағынауданындағы Өтегенов көшесі, 15/1 мекенжайында орналасқан. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.
Басқарма бұған дейін рұқсат құжаттарының толық болмауына байланысты меншік иесіне әкімшілік шара қолданып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген болатын.
2025 жылы 21 сәуірде Алматының Бостандық аудандық сотына қосалқы нысанды бұзу туралы талап-арыз берілген еді. Былтыр 25 тамызда басқарманың талап-арызы толық қанағаттандырылды.
Бүгін қаланың Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзыла басталды.