Жұмыстар Рысқұлов даңғылы – Сейфуллин даңғылы – Р. Зорге көшесі, Баума тоғайы аумағында жүргізілді. Ерекше назар Международная көшесі, 65 үй маңындағы сай аумағына аударылды.
Кешенді санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды, оның ішінде көшелер мен жаяу жүргінші жолдарын тазалау және жуу. Шөп шабу, құрылыс қалдықтары, бұтақтар мен әртүрлі қоқыстарды жинап, шығару жұмыстары орындалды.
Іске коммуналдық қызметтер, басқармалар мен Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ жастар ұйымдарының, жекелеген ұйымдардың және медициналық мекемелердің өкілдері тартылды.
105 м³-тан астам қоқыс шығарылып, ауданның әр бөлігінде өткен экологиялық науқанға жалпы саны 980-ге жуық адам қатысты.