2026 жылғы 25–29 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының спорттық гимнастикадан жеке-командалық чемпионаты өтті.
Жарысқа Астана, Алматы, Семей (Абай облысы), Орал (Батыс Қазақстан облысы), Шымкент, Қостанай облысы, Петропавл және Қарағанды қалаларынан 8 команда құрамында 80 спортшы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан №9 ОРМБЖМ спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 4 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
Көпсайыс бойынша:
•Раздыкова Илана — 1 орын
•Бақыт Алтын-Аяла — 1 орын
•Светоносова Вероника — 2 орын
•Карпенко Алиса — 2 орын
•Серік Айзере — 3 орын
•Шыңғысқызы Аяла — 3 орын
Қоссырықта:
•Ежова Эвелина — 1 орын
•Светоносова Вероника — 2 орын
•Серік Айзере — 3 орын
Тірек секіруде:
•Раздыкова Илана — 1 орын
•Кригер Аделина — 3 орын
Бөренеде:
•Ежова Эвелина — 3 орын
•Кригер Аделина — 3 орын
Еркін жаттығуда:
•Раздыкова Илана — 3 орын
Командалық есепте Алматы қаласының құрамасы 1-орын иеленді.
Аталған чемпионат спортшылардың дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік беріп, алматылық гимнастика мектебінің жоғары әлеуетін көрсетті.