Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэтикалық мюзикл кеші өтті

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэтикалық мюзикл кеші өтті

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жанымды жырмен жұбаттым» атты поэзиялық мюзикл кеші ұйымдастырылып өткізілді.

Шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын насихаттау, оның өлеңдері мен поэзиясын жас ұрпақтың жүрегіне жеткізу, поэзия мен музыканың үйлесімі арқылы көрерменнің эстетикалық талғамын арттыру, жасөспірімдер арасында әдеби шығармашылыққа қызығушылық ояту болды.

Поэзиялық әдеби мюзикл барысында ақынның өлеңдері сахналық көріністер арқылы ұсынылып, музыкалық нөмірлермен үйлесе отырып көрерменге жол тартты. Сондай-ақ кеште ақынның өмір жолына қысқаша шолу жасалып, көркемдік сахналық қойылымдар мен актерлік көріністер көрсетілді.

Қатысушылар поэзиялық викториналарға қатысып, шығармашылық сәттерге куә болып, Мұқағали әлеміне тереңірек бойлады. Кеш соңында көрермендермен әсерлі пікір алмасу ұйымдастырылды.