Ақтөбеде қаланың негізгі жобалары талқыланды

Ақтөбеде қаланың негізгі жобалары талқыланды

 

Ақтөбенің даму перспективалары, қалалық ортаны жаңғырту мен жақсартуға кешенді көзқарасбұл мәселелер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Басқосуда инфрақұрылымды дамыту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жоспарлары талқыланды. Экология, көлік қолжетімділігі және бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне баса назар аударылды.

Алдымен облыстық экономика және бюджет жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатов Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралыбаяндама жасады. Биылғы жылдың біріншіжартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс орталығы барлық негізгі салаларда тұрақты өсім және оң динамика көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 100,7%, ауыл шаруашылығы7,9%-ға өсті, инвестициялар шамамен бір жарым есеге (47,5%) артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 89,2%-ғакөбейсе, тұрғын үйді пайдалануға беру былтырғы жылмен салыстырғанда 6%-ғажоғары. Сауда саласында да өсім бар: көтерме сауда – 2,3%, бөлшек сауда – 0,3%-ға өсті.

Ақтөбенің аймақтық тауарайналымындағы үлесішамамен 90%, ал өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі – 40%-ға жуық. Қалада көлік инфрақұрылымын жаңғырту, инженерлік желілерді салу және жаңарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыружобалары белсенді  іске асырылып келеді. Ақтөбе - инвестиция тартатын, тұрғындарғажаңа мүмкіндіктер жасайтын жайлы әрі қауіпсіз орталық ретінде дамуын жалғастыруда.

Қала әкімі Азамат Бекет өз сөзінде қаланы дамыту және ірі жобаларды іске асырудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Әкімнің айтуынша, басым мәселелердіңбірікоммуналдық тұрғын үй құрылысы. Есет батыр ықшам ауданында 2 011 пәтерден тұратын 12 үй салынуда, оған қалалық бюджеттен 9,2 млрд теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 10 тоғыз қабатты үй мен Жанақоныста 140 пәтерлік бір жатақхана пайдалануға беріледі.

Облыстық бюджеттен тұрғын үйлергекүрделі жөндеу жүргізуге 480,7 млн теңге көлемінде несие бөлінген. Жеделсатылардыжаңартуға ерекше көңіл бөлінуде: көпқабатты үйлердегі 973 лифтінің 15%-ы пайдалану мерзімі өткен, биыл шамамен 420 млн теңгеге 30 лифт ауыстыру жоспарланған.

«Инженерлік коммуникацияларсаласында су, газ және электр желілерін тарту мен кеңейтуге 15 млрд теңге қарастырылған. Қаланың 54 тұрғын массивінің 36-сы орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген, биылбірнеше массивте су құбырын салу аяқталады және жаңа аумақтарда жобалар басталады. Газдандыру бойынша да жұмыс жүріп жатыр: 50 тұрғын алапқа газ қосылған, тағы төртеуіне желілер тартылады», – деді Азамат Бекет.

Жол инфрақұрылымын салу және қайта жаңарту жұмыстарына 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Биыл көпірлер мен жолдарды қайта жаңарту бойынша үш ірі жоба аяқталады, соның ішінде Кірпішті массивіндегі Елек өзені үстінен өтетін жаңа көпір учаскесі мен көпірден «Ақтөбе–Орск» тас жолына дейінгі жол. Сонымен қатар ұзындығы 36 шақырымнан асатын 28 жаңа жол салынып жатыр, оның 18-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

 

Қала көшелерінде 80 учаскеде күрделі жөндеу, 15 көшеде орташа жөндеу жүргізілуде.

«Жоспарланған жобаларды кешенді іске асыру қаланың абаттандыру деңгейін айтарлықтай арттырып, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасайды. Ақтөбе қарқынды дамуда, біз бұл жұмысты қаламыздың болашағы үшін жалғастырамыз», – деді қала әкімі.

 

Баяндамаларды тыңдаған облыс әкімі Асхат Шахаров қойылған міндеттерді орындауда жүйелі және сапалы тәсілдің қажеттігін атап өтті. Ол инвестиция тарту деңгейінің төмендігіне алаңдаушылық білдірді: 510 млрд теңге жоспардың орнынатек 167 млрд теңге игерілген. Асхат Шахаров қала әкімдігі мен индустриялды-инновациялық даму басқармасына инвесторлармен жұмысты жандандыру жоспарын шұғыл ұсынуды тапсырды, халықаралық және ұлттық алаңдарға қатысуды қоса алғанда, нүктелік тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, өңір басшысы қалалықортаның сапасы мен абаттандырумәселелеріне тоқталды.

«Аула мен көшелерді абаттандыруғамиллиардтаған теңге жұмсалып, соңындақисық плитка, арамшөп және балаларжарақат алатын ойын алаңдарын қабылдауғаболмайды. Бұл жай ғана немқұрайлылықемес – бұл өмір мен денсаулыққа қауіп. Мердігер мерзімін бұзса немесе сапасыз жұмыс істесе, ол міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс – тіпті келісімшартты бұзып, жосықсыз мердігерлер тізіміне енгізу керек», – деді әкім.

Облыс әкімі экологиялық жағдайдың да халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететінін айтты. Оның пікірінше, стихиялыққоқыс орындарының болуы, су айдындарының ластануы және қалдықтардысұрыптау жүйесінің жоқтығы қабылданғаншаралардың келісілмегендігін және байланыссыз жүргізілгенін көрсетеді.

Мысал ретінде ол Сазды өзенін атады: қаржы және мердігер ұйым болғанымен, санитарлық тазалау жұмыстары күткеннәтиже бермеген. Бұл тапсырыс берушітарапынан тиісті бақылаудың болмауыныңсалдары деп есептейді. Әкім мұндайжағдайлар алдағы уақытта облыс деңгейіндежеке және қатаң қаралатынын айтты.

Сондай-ақ, ол Ақтөбенің сәулеттік келбетіне ерекше назар аударды. Бұл тек сыртқы көрініс емес, сонымен қатар қаланы дамытудағы басқару тиімділігінің көрсеткіші екенін алға тартты. Қалада ретсізқұрылыстар, ескірген және тот басқан жарнамалық конструкциялар көп, сондай-ақ қасбеттер мен іргелес аумақтарды безендірудің бірыңғай стандарттары жоқ екенін атап өтті.

Облыс әкімі сәулет басқармасына қала әкімдігімен бірлесіп, бір ай ішінде қасбеттер, маңдайшалар және шағын сәулеттік формаларға бірыңғай талаптар әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, сәулеттік келбет – бұл «қаланың жүзі», ол ұқыпты, заманауи және өңірлік орталық мәртебесіне сай болуы тиіс.