Қорашиға газ келді

Қорашиға газ келді

 

8 тамыз - Байғанин ауданы Қораши ауылы тарихындағы айтулы күн. Енді ауыл тұрғындары көгілдір отынның игілігін көрмек.

Қорашиде 61 үй, мектеп, амбулатория, кітапхана және клуб ғимараты газ желісіне қосылды. Жобаның жалпы құны – 216,6 миллион теңге. Құрылыс жұмыстарын «КазПромСтройГрупп» ЖШС атқарды.

Салтанатты рәсімді аудан әкімі Айбек Көпенов ашып, құттықтау сөзін жеткізді.

«Газ – бұл тек қолайлы өмірдің белгісі ғана емес, денсаулық, қауіпсіздік және уақыт үнемі. Қазір аудан халқының 75,7%-ы газбен қамтылған. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 83,5%-ға жетеді», – деп атап өтті ол.

Іс-шараға облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев, мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары және жергілікті тұрғындар қатысты.