
⚜️Тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Асқар Қазыбаев бірқатар құрылысшыларды қабылдады.
🔹️Іс-шараға аудан аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің өкілдері қатысып, құрылыс саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
🔸️Кездесу барысында аудан әкімі құрылысшылардың ел игілігі жолындағы ерен еңбегі мен жауапты қызметін ерекше атап өтіп, олардың кәсіби шеберлігіне ризашылық білдірді.