
⚜️Аудан әкімі А.Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, қысқы мал азығын дайындау жұмыстары және мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы талқыланды.
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысы Гүлзат Жеткергенқызы баяндама жасады.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.