Өңір басшысы Асхат Шахаровтың еліміздің Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі

Өңір басшысы Асхат Шахаровтың еліміздің Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі

Құрметті ақтөбеліктер!

1 шілде – Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы.

Бүгін – халқымыздың ерік-жігерімен қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енген тарихи күн. Бұл еліміздің шежіресінде айрықша орын алатын, мемлекетіміздің алдағы даму бағытын айқындаған маңызды белес болды.

Ата Заңның күшіне енуі Тәуелсіздігімізді нығайтуға, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті бекемдеуге берік негіз қалады.

Жаңа Конституция Әділетті Қазақстанды құрудың сенімді құқықтық тірегіне айналды. Онда заң үстемдігі, әділдік, жауапкершілік, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттары айқын көрініс тапқан. Бүгінгі Қазақстан дәл осы құндылықтарға сүйене отырып дамып келеді. Мұнда Заң мен Тәртіп – басты басымдық, ал мемлекет пен қоғам өзара сенім мен ашық диалог негізінде әрекет етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституция ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, эко�