Аудан әкімі А.Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, мал азығын дайындау жұмыстары және аудандағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы талқыланды.
Аудандағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы туралы Ойыл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғ.Құбаев баяндама жасады.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.