Жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналаса алады!

Жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналаса алады!

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарын 3,33 GPA мәнінен төмен емес көрсеткішпен аяқтаған түлектерге аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі, басшы емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалу мүмкіндігі беріліп отыр.

Аталған мүмкіндікті 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап АҚЫЛЫ негізінде оқуын аяқтаған түлектер де пайдалана алады.

Білімді, талантты және жанашыр жастарды мемлекеттік қызметке шақырамыз!

Толық ақпарат алу үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне 55-09-60, 55-09-65, 54-55-32 телефондарына немесе Ойыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөліміне 2-14-70 телефонына хабарласуыңызға болады.