АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.

🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, қауіпсіздік ережелері және қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылып жатырған шаралар және аудандағы әлеуметтік сала нысандарындағы жылу қазандықтарының жағдайы талқыланды.

🔹️ Жылу қазандықтарының жағдайы туралы Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалелов Айбек Байболатұлы баяндады.

🔸️Сонымен қатар, аудан әкімі коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмыс жасауына ерекше назар аудара отырып, қатаң бақылауға алуды ескертті.

🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.