2026 жылдың 3 қаңтар күні облыс әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров Ойыл ауданының әкімі Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаевты қабылдады.

2026 жылдың 3 қаңтар күні облыс әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров Ойыл ауданының әкімі Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаевты қабылдады.

2026 жылдың 3 қаңтар күні облыс әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров Ойыл ауданының әкімі Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаевты қабылдады. Қабылдауға облыс әкімінің орынбасарлары және басқарма басшылары қатысты.  Кездесу барысында ауданның былтырғы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, басым бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Кездесуде 2025 жылы аудан басшысының алдына қойылған міндеттердің орындалуы және қол жеткізілген көрсеткіштер туралы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, халықтың өмір сапасын арттыру мәселелері баяндалды.

Өткен жылы аудан елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде тұрғындар тарапынан көтерілген күрделі мәселелер шешімін тапты.

Сапалы ауыз сумен  қамтамасыз ету мақсатында Көптоғай ауылдық округінің  Қарасу ауылында орталықтандырылған ауыз су құбырының құрылысы пайдалануға берілді. Көптоғай, Аманкелді, Шиқұдық ауылдарына ауылішілік газ құбыры жүргізіліп, елді мекендер көгілдір отынға қосылды.

Кездесу барысында 2026 жылы орындалуы жоспарланған  Кемер, Қаракемер, Ақшатау, Ақкемер ауылдарына ауылішілік газ құбырын жүргізу, Сарбие, Құбасай, Қараой ауылдарына жеткізуші және ауылішілік газ құбырын жүргізу жұмыстарына қажетті қаражат бөлу жоспарланды.

Құрылысы басталған автомобиль жолдары мен тұрғын үй құрылыстарына,  Ойыл ауданының Шұбарши ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі автомобиль жолының құрылысына, Ойыл-Қараой аудандық маңызы бар автомобиль жолының құрылысына, Сарбие ауылына кіреберіс автомобиль жолының құрылысына тиісті қаржы бөлінді.

 Ойыл ауылына кіреберіс автомобиль жолындағы көпір құрылысын аяқтау тапсырылды.

         Өңір басшысы қойылған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, жобаларды іске асыруға бақылауды күшейтуді және нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.