
⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста алдағы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы және Ойыл ауылының көше тазалығы, бейнебақылау орнату жұмыстары және Қараой ауылдық округінің жұмысы қаралды.
Қараой ауылдық округінің жұмысымен округ әкімі Майқанов Абзал Сансызбайұлы баяндады.
🔸️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.