Қазақстанды велосипедпен аралаған ерікті Ертарғын Мұхамбетқалиұлымен кездесу өтті

⚜️6 қараша 2025 жылы «Шұғыла» МДО-да Қазақстанның түрлі өңірін велосипедпен аралап, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген ерікті, жерлесіміз Ертарғын Мұхамбетқалиұлымен кездесу өтті. Шараға БЖСМ тәрбиеленушілері қатысты.

🔹️Кездесудің алғашқы бөлімінде Ертарғын Мұхамбетқалиұлы өзінің балалық шағы, өскен ортасы және ата-анасынан алған тәлім-тәрбиесі туралы айтты. Сондай-ақ шараға арнайы шақырылған бала күнгі достары Жанат Есбосынов пен Төреш Биғалиев өткен кезеңдерден естеліктерімен бөлісіп, қонақтың мінезі, талапшылдығы және еңбекқорлығы жөнінде ой қозғады. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

🔸️Кездесудің екінші бөлімі қонақтың жастық шағы мен еңбек жолына арналды. Ертарғын Мұхамбетқалиұлы алғашқы кәсібін тракторшы болып бастағанын, еңбекке деген көзқарасы ерте қалыптасқанын атап өтті. Сонымен қатар шараға қатысқан әскердегі достары Берік Бисекенов пен Құнанбай Дәулетқалиев жастық шақтағы бірлік пен достықтың маңызы туралы естеліктерімен бөлісті. Жастардың сұрақтары бойынша өмірлік тәжірибелерімен ой бөлісілді.

🔹️Кездесудің соңғы бөлімінде Ертарғын Мұхамбетқалиұлы Қазақстанды велосипедпен аралау сапары туралы баяндады. Сапардың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына ынталандыру, елдің әр өңірінің тарихы мен табиғатын дәріптеу, қоғамға пайдалы бастамаларды қолдау екенін жеткізді. Ел аралау барысында кездескен қиындықтар мен азаматтар тарапынан көрсетілген қолдау туралы да ақпарат берді.

🔸️Ресми бөлімде аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев сөз сөйлеп, Ертарғын Мұхамбетқалиұлының қоғамға үлгі боларлық еңбегін атап өтіп,  алғыс хатпен марапаттады.

🔹️Кездесу барысында жас буын қонақтың табанды еңбегінен үлкен мотивация алып, салауатты өмір салты мен еңбекқорлықтың маңызын түсінді. Шара соңында Ертарғын Мұхамбетқалиұлына алдағы сапарларында табыс тілегі жеткізілді.⚜️6 қараша 2025 жылы «Шұғыла» МДО-да Қазақстанның түрлі өңірін велосипедпен аралап, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген ерікті, жерлесіміз Ертарғын Мұхамбетқалиұлымен кездесу өтті. Шараға БЖСМ тәрбиеленушілері қатысты.

🔹️Кездесудің алғашқы бөлімінде Ертарғын Мұхамбетқалиұлы өзінің балалық шағы, өскен ортасы және ата-анасынан алған тәлім-тәрбиесі туралы айтты. Сондай-ақ шараға арнайы шақырылған бала күнгі достары Жанат Есбосынов пен Төреш Биғалиев өткен кезеңдерден естеліктерімен бөлісіп, қонақтың мінезі, талапшылдығы және еңбекқорлығы жөнінде ой қозғады. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

🔸️Кездесудің екінші бөлімі қонақтың жастық шағы мен еңбек жолына арналды. Ертарғын Мұхамбетқалиұлы алғашқы кәсібін тракторшы болып бастағанын, еңбекке деген көзқарасы ерте қалыптасқанын атап өтті. Сонымен қатар шараға қатысқан әскердегі достары Берік Бисекенов пен Құнанбай Дәулетқалиев жастық шақтағы бірлік пен достықтың маңызы туралы естеліктерімен бөлісті. Жастардың сұрақтары бойынша өмірлік тәжірибелерімен ой бөлісілді.

🔹️Кездесудің соңғы бөлімінде Ертарғын Мұхамбетқалиұлы Қазақстанды велосипедпен аралау сапары туралы баяндады. Сапардың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына ынталандыру, елдің әр өңірінің тарихы мен табиғатын дәріптеу, қоғамға пайдалы бастамаларды қолдау екенін жеткізді. Ел аралау барысында кездескен қиындықтар мен азаматтар тарапынан көрсетілген қолдау туралы да ақпарат берді.

🔸️Ресми бөлімде аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев сөз сөйлеп, Ертарғын Мұхамбетқалиұлының қоғамға үлгі боларлық еңбегін атап өтіп,  алғыс хатпен марапаттады.

🔹️Кездесу барысында жас буын қонақтың табанды еңбегінен үлкен мотивация алып, салауатты өмір салты мен еңбекқорлықтың маңызын түсінді. Шара соңында Ертарғын Мұхамбетқалиұлына алдағы сапарларында табыс тілегі жеткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DQuGKmrCAW1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==