Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 шілдедегі шешіміне сәйкес Майканов Абзал Сансызбайұлы Қараой ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Абзал Сансызбайұлы Майканов 1991 жылы Ойыл ауданы, Қараой ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2011 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Ш.Берсиев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Кейіннен Қараой мектеп-балабақшасына математика пәнінің мұғалімі болып ауысқан. Осы қызметке келгенге дейін Қараой мектеп-балабақшасының директоры қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 1 қыз тәрбиелеп отыр.