ЖАҢА ЖЫЛ – ШАТТЫҚ ПЕН ҚУАНЫШ МЕРЕКЕСІ

ЖАҢА ЖЫЛ – ШАТТЫҚ ПЕН ҚУАНЫШ МЕРЕКЕСІ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан орталығы мен Кеңқияқ ауылында Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға аудан әкімі А.Жақсылықов қатысып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Шара барысында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, ертегі кейіпкерлері өнер көрсетті. Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Бұл мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Жаңа жылды жарқын әсермен қарсы алуға мүмкіндік берді.