Зейнетақы көлемінің бірден-бір көрсеткіші – кірісті алмастыру коэффициенті. Ол адамның еңбекке жарамды кезде алған табысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын көрсетеді.
📈 Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымы бойынша – зейнетақы мөлшері кірісті алмастыру коэффициентінің кемінде 40 пайызына тең болса жеткілікті. Қазақстанда бұл көрсеткіш бүгінде 41 пайызды құрайды. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде кірісті алмастыру коэффициенті 60 пайыз шамасында.
💡 Зейнетақы мөлшерін қалай арттыруға болады?
🔹 Біріншіден, өз атыңызға аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының толық әрі уақытылы түсіп отырғанын қадағалаңыз. Мүмкіндік болса, ерікті жарналар аударып отырыңыз – себебі жинақ неғұрлым көп болса, болашақ зейнетақы да соғұрлым жоғары болады.
🔹 Екіншіден, қаражатыңыздың бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру арқылы табысты арттыруға болады.
🔹 Үшіншіден, болашақ зейнетақыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл үшін Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы зейнетақы калькуляторын пайдаланып, дербес зейнетақы жоспарыңызды құрыңыз.
Есіңізде болсын: зейнетақы жинағын қалыптастыруды неғұрлым ерте бастасаңыз, болашағыңыз да соғұрлым сенімді болмақ!