
Аудан әкімі А.Жақсылықовтың жоспарлы есептік кездесулері Темір қалалық округінде жалғасты.
Кездесулер Жамбыл ауылы және Темір қаласында өтті.
Кездесу барысында округ әкімі Е.Далмағанбетовтың округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы тыңдалып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстардың барысы талқыланды.
Аудан әкімі А.Жақсылықов тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, бірқатар мәселелердің шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, ауданның даму бағыттары, инвестициялық жобалар мен әлеуметтік бастамаларға тоқталып өтті.
Кездесу соңында аудан әкімі округ әкімі Е.Далмағанбетовке тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобаларды жүйелі жүзеге асыруды және ауылішілік жолдар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, есептік кездесуге арналған жұмыс сапары кезінде Темір қалалық саябақта ағаш көшеттері отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстарына жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, туған жерді көркейтуге атсалысты.