ТЕМІР ҮНІ: ТҰЛҒА ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ

ТЕМІР ҮНІ: ТҰЛҒА ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ

Темір ауданында жазушы, драматург, журналист Жиенғали Тілепбергеновтің 130 жылдығына және аудандық «Темір» газетінің 95 жылдығына арналған тарихи-танымдық конференция өтті.

Шараның мақсаты – жергілікті баспасөздің қоғамдағы маңызын айқындау, аудан тарихында айрықша із қалдырған Ж.Тілепбергеновтің еңбегін дәріптеу және жас ұрпаққа өнегелі өмір жолын насихаттау.

Салтанатты жиынға республикалық және облыстық деңгейдегі зиялы қауым өкілдері, жазушылар мен журналистер және қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында облыс әкімі А. Шахаровтың, сондай-ақ, Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармаларының төрағаларының құттықтаулары қатысушыларға табысталды.

«Темір» газетінің тарихы Жиенғали Тілепбергенов қызмет еткен «Кедей» газетінен бастау алады.

Конференцияда «Темір» газетінің қызметкері, баспасөз жанашыры Бердіхан Меңдіханұлы аудандық басылымның қалыптасу кезеңдері мен даму тарихына тоқталып, баспасөз саласындағы жетістіктер туралы баяндады.

Филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның Құрметті журналисі, Журналистер академиясының академигі Серікқали Байменше және филология ғылымдарының кандидаты, жиенғалитанушы Ғайша Ниязова өз баяндамаларында Жиенғали Тілепбергеновтің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен талдап, оның қазақ әдебиеті мен журналистикасындағы маңызды орнын атап өтті.

Шара соңында қатысушылар қаламгердің бай мұрасын насихаттау және оны жас ұрпаққа үлгі ету, аудандық басылымның өңірдегі маңыздылығы бағытында өз пікірлерін білдірді.