Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 14 шілдесіндегі шешімдері негізінде Ақсай ауылдық округінің әкімі болып Е.Бегимов, Саркөл ауылдық округінің әкімі болып М.Шүйіншалин сайланды.
БЕГИМОВ ЕЛАМАН НАҒАШЫБАЙҰЛЫ
• 1973 жылы 23 мамырда Мұғалжар ауданында дүниеге келген.
• Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтында “Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау” мамандығы бойынша білім алған.
• Еңбек жолында аудандық салық басқармасының инспекторы, мұғалім, мектеп директоры, білім бөлімінің әдіскері, Ақсай ауылдық округі әкімі қызметтерін атқарған.
ШҮЙІНШАЛИН МӘДИ ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ
• 1975 жылдың 25 наурызында Темір ауданы, Тасқопа ауылында дүниеге келген.
• Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетінде «биология пәні мұғалімі” мамандығы бойынша білім алған.
• Енбек жолында мұғалім, білім бөлімінің әдіскері, мектеп директоры, Алтықарасу ауылдық округінің әкімі, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Саркөл ауылдық округі әкімі қызметтерін атқарған.
Аудан әкімі А.Жақсылықов сайланған округ әкімдерінің қызметтеріне сәттілік тіледі.