
Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
📌 Елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру
Жиында елді мекендерді көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарының орындалу барысы талқыланды. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 10 сенбілік өткізіліп, оған 1500 адам мен 16 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 81 көше, 12 саябақ пен сквер тазартылып, 168 ретсіз қоқыс үйіндісі жойылды. Жалпы 263,8 тонна қоқыс пен көшелерден 35,8 тонна қалдық шығарылды.
📌 Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы
2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 31 отбасыға (163 адам) жалпы сомасы 7,1 млн теңгеден астам атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен әлеуметтік көмек төлемдеріне 206,8 млн теңге қарастырылып, бүгінгі күнге дейін оның 53,4 млн теңгесі игерілді.
📌 «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы
Жоба аясында «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-на жалпы құны 223,9 млн теңгені құрайтын 21 өтінім ұсынылды. Оның ішінде 15 жоба 150,7 млн теңге көлемінде мақұлданды, 9 жоба қаралу сатысында, 4 жоба пысықталуда. Қазіргі таңда жалпы сомасы 91,1 млн теңгені құрайтын 7 жоба бойынша несие берілді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, белгіленген көрсеткіштердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.