
📌 Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов аудан бойынша 13 ауылдық округке қарасты 32 елді мекеннің әкімдерін құрылымдық бөлім басшыларымен бірге қабылдады. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары да қатысты.
Жиын барысында ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, негізгі басым бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері жан-жақты талданды.
Ауылдық округтер мен елді мекендерде орын алып отырған проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары салалық бөлім басшыларымен бірлесе талқыланды. Анықталған түйткілдерді шешу бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Кездесу соңында ағымдағы жылға арналған жоспарлар нақтыланып, алдағы кезеңге қойылатын міндеттер айқындалды.