
Ақтөбеде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Цифрлық Таза Қазақстан» форумы өтті.
Форумның басты мақсаты - Форумның мақсаты - экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, қоғамда тазалықты сақтауға бағытталған жауапкершілікті дамыту, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасын насихаттау.
Форум ерекшелігі – форумды өткізу барысында және ұйымдастыру жұмыстарында қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар қолданылмады. Тек электронды жабдықтар қолданылды.
Шараға 800 – ге жуық адам қатысты.
Форум экологиялық бастамалар мен технологиялық шешімдерді көпшілікке таныстыруға, қоғам мен тұрмыста орын алып жүрген «қоқыс шашуға» себепкер болатын қателіктерді көрсетуге, қалдық материалдарды қайта пайдалану арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұтыну мәдениетін өзгерту, және табиғатқа қамқорлық танытуға маңызды үлес қосты.
«Ақылды қоқыс жәшігі» - қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған заманауи жоба. Бұл құрылғы - қалдықтарды автоматты түрде анықтап, сұрыптауға мүмкіндік береді. Жоба - жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына үлес қосады», - деп атап өтті Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, «Автоматтандыру және басқару» бөлімінің меңгерушісі Дархан Шаңбаев.
«Экологияны цифрландыру - қоршаған ортаны тиімді қорғаудың заманауи тәсілі. Сандық технологиялар арқылы қалдықтарды бақылау, табиғи ресурстарды басқару жеңілдейді. «Aqtobe Hub» осы бағытта бірнеше экожобаларды жүзеге асырып, қоғамды экологиялық бастамаларға жұмылдыруда. Цифрлық шешімдер халықтың экологиялық сауаттылығын арттырып, дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Болашақта экология мен технологияны ұштастыра отырып, таза әрі жасыл Ақтөбені қалыптастыру - басты мақсатымыз», - деп форум спикерлерінің бірі, Aqtobe Hub менеджері Елнұр Жалғасов өз пікірімен бөлісті.
Форумның өтуі қоғамда қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ жауапкершілік сезімін күшейтіп, жастарды елдің экологиялық мәселелеріне белсенді араласуға жігерлендіреді.
#ТазаҚазақстан, #TazaQazaqstan, #TazaChallenge, #jastarlive, #jasylel, #тұрақтыдаму, #экология.