Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов жұмыс сапарымен Құрмансай ауылдық округіне барып, Құрмансай жалпы орта мектебінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
2009 жылдан бері жөндеу көрмеген мектептің жаңартылуы – ауыл халқы үшін үлкен қуаныш. Жөндеу 2024 жылдың 26 мамырында басталған. Жоба құны – 237 млн теңге, қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.
Жөндеу аясында:
- шатыр, есік-терезе, еден, инженерлік желілер толық ауыстырылады;
- қосымша дәліздер мен әжетханалар салынады;
- спорт залы жаңартылады.
Құрылыс жаңа оқу жылына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Жыл соңына дейін STEM және заманауи химия кабинеттері іске қосылады.
Құрылыс сапасы – аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.