11-16 маусым аралығында алғаш рет Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы Спартакиада өтті. Күні кеше дүбірлі доданың жеңімпазы анықталды.
16 облыс және 3 мегаполистен 1000-ға жуық қатысушы 9 спорт түрінен (шағын футбол, волейбол, 3х3 баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, жүзу, қазақ күресі) жүлделерді сарапқа салды.
Жалпы есеп:
🥇Ақтөбе обл - 202 ұпай
🥈Атырау - 199
🥉БҚО - 197
4️⃣ШҚО - 180
5️⃣Түркістан обл. - 172
6️⃣Павлодар обл. - 170,5
7️⃣Абай обл. - 153
8️⃣Ақмола обл. - 126,5
9️⃣Жетісу обл. - 120,5
🔟Шымкент қ. - 117
1️⃣1️⃣Қарағанды обл. - 115
1️⃣2️⃣Алматы обл. - 111
1️⃣3️⃣Жамбыл обл. - 92
1️⃣4️⃣Қызылорда обл. - 89
1️⃣5️⃣Қостанай обл. - 82,5
1️⃣6️⃣Астана қ. - 78
1️⃣7️⃣Ұлытау обл. - 67,5
1️⃣8️⃣Маңғыстау обл. - 66,5
1️⃣9️⃣Алматы қ. - 15
Айта кетейік, 2024 жылы Ақтөбеде өткен Спартакиадада Ақтөбе облысы топ жарып, Батыс Қазақстан облысы мен Түркістан облысы үздік үштікті түйіндеген еді.