
Қарғалы ауданы әкімдігінде Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі С.Шалхаровтың жұмыс сапарына орай кеңес өтті.
🤝 Жиынға аудан әкімінің м.а. Н.Аманкулов, аудандық басқармалар мен бөлімдердің, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.
📌 Жиын барысында полиция жүйесіндегі кадрлық өзгерістер таныстырылып, Нариман Танжарбайұлы Мұхтаров Қарғалы аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және тұрғындармен тиімді өзара іс-қимылды дамыту бағытында нәтижелі еңбек ететініне сенім білдірілді.
✅ Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға алдағы міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.