Наурыз – жаңару мен берекенің мерекесі.

Наурыз – жаңару мен берекенің мерекесі.

Наурыз – жаңару мен берекенің мерекесі. Көктемнің келуімен бірге халқымыздың ең ұлық мейрамы – Наурыз тойы кеңінен аталып өтеді. Осыған орай Қарғалы ауданында да Наурыз онкүндігі аясында түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады.
🌸 Онкүндік барысында аудан көлемінде ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін мәдени-танымдық шаралар, қайырымдылық акциялары, тазалық және абаттандыру жұмыстары, спорттық жарыстар мен мерекелік концерттер өткізіледі.
🌷 Наурыз онкүндігі – тек мереке ғана емес, халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын, адамдарды жақсылық пен бірлікке шақыратын ерекше кезең. Қарғалы ауданында бұл мереке жыл сайын кең көлемде аталып өтіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.