
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев аяулы аналар мен нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Шара барысында әйелдердің қоғамдағы орны ерекше екені атап өтіліп, олардың мейірімі мен парасаты, төзімі мен қамқорлығы әрбір отбасының берекесі мен бірлігінің негізі екені айтылды.
Салтанатты шара барысында ауданның түрлі саласында абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар нәзік жандыларға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.
Мерекелік шара жылы лебіздер мен шынайы алғысқа толы болып, әйелдер қауымына деген зор құрметтің белгісіне айналды.