
Қаңтар айының 18-інен 19-на қараған түні «Крещение Господне» мерекесіне орай суға шомылу рәсімі өтеді.
Қарғалы ауданында шомылу шаралары 18 қаңтар сағат 21:00-ден 20 қаңтар сағат 06:00-ге дейін ұйымдастырылады.
Аудан аумағында суға шомылуға арналған 3 бекітілген орын айқындалды:
Бадамша ауылы – Депо карьері
Қос-Естек ауылы – Қос-Естек өзені
Петропавловка ауылы – Қарғалы өзені
Шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖ бөлімінің, полицияның, медициналық қызметтің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері кезекшілік атқарады. Қажетті техника мен жеке құрам толық жұмылдырылған.