Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері талқыланып, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша бюджет қаражаттарының игерілу барысы қаралып, қаржыны тиімді әрі мақсатты пайдалану, жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиналыста пайдаланылмай отырған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жөніндегі жұмыстар да талқыланды. Атап айтқанда, ауылдық округтер бөлінісінде жеке тұрғын үйлер салуға берілген, алайда мақсатты түрде қолданылмай жатқан жер телімдері, иесіз үйлер және басқа да нысандар бойынша атқарылуы тиіс шаралар белгіленді.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, белгіленген міндеттердің орындалуы қатаң бақылауға алынатыны атап өтілді.