Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен Кемпірсай ауылдық округінің әкімі Нұралы Жамековтің ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен Кемпірсай ауылдық округінің әкімі Нұралы Жамековтің ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен Кемпірсай ауылдық округінің әкімі Нұралы Жамековтің ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында ауданның және округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жан-жақты баяндалды.

Кездесуде жыл бойы жүзеге асырылған жобаларға тоқталып, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, жолдарды ретке келтіру, білім және мәдени нысандарды қолдау бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мәселелері де сөз болды.

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев тұрғындар көтерген сұрақтарға жауап беріп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ол жергілікті бастамаларды қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету және ауылдың әрі қарай дамуына жағдай жасау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша жеке қабылдауға кіріп, ұсыныстарын білдірді. Есепті кездесу ашық диалог форматында өтіп, жергілікті билік пен халық арасындағы байланыс нығаюына ықпал етті.