
Қарғалы ауданында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен Қарғалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған басым бағыттар қаралды.
Сессия барысында депутаттар ұсынылған мәселелер бойынша пікір алмасып, бірқатар шешімдер қабылдады. Жиын соңында аудан басшысы тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және ауданның өркендеуіне бағытталған бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.