
«Байғанин ауданында суға түсу маусымында коммуналдық жағажайларды ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес, Кемерши және Миялы ауылдарында Жем өзені бойында коммуналдық жағажай құрылды. Яғни аталған 2 жағажай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Су айдындарындағы Қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығының талаптарына сәйкес жасақталды.
Байғанин ауданы аумағының Жем және Сағыз өзендерінің бойынан суға түсуге қауіпті жерлерге тыйым салу белгілері қойылған болатын.
Сонымен қатар ескерте кететін жайт, Қарауылкелді ауылының маңындағы су айдындарына (Әулие бөгеті, Қарауылкелді бөгеті) суға шомылуға тыйым салынған.
Осы тыйым салынған аймақтарда және суға түсуге арналмаған орындарда суға шомылған жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 412 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатындарыңызды ескертеміз.
Яғни, су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау.
Қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына жауапты тұлғаның оларды бұзуы немесе орындамауы – жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын
Бұл жағдай белгіленбеген жерлерде суға түсу және қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан орын алған.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Байғанин ауданы тұрғындары мен қонақтары назарына су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері мен талаптарын қатаң түрде сақтауларыңыз сұралады!
1). Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
- Мас күйде шомылмаңыз!
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
-Қоршау белгілерінен, буилардан тысқары жүзбеңіз.
- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
2). Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда
шомылудың қауіптері
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
ШОМЫЛҒАНДА СУДА НЕНІ ЖАСАМАУ КЕРЕК:
• Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!
• Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!
• Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
• Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз!
• Суда шолжаңдауға жол бермеңіз!
• Жалған дабыл бермеңіз!
• Суға көпірлерден, айлақтардан секірмеңіз!
• Таныс емес жерден сүңгімеңіз!