Қарауылкелді ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қарауылкелді ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Қарауылкелді ауылында санитарлық тазалықты сақтау бағытында ақпараттық-түсіндіру және рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жеке тұрғын үй және кәсіпкерлік нысандарының иелеріне өздеріне тиесілі аумақтарды таза ұстау, қоршауларды сырлау және әктеу, коммуналдық қалдықтарды көшеге тастамау, сондай-ақ малдың қиын аула сыртына шығармау қажеттігі түсіндірілді.

Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде санитарлық талаптарды сақтамаған азаматтарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес 162 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Құрметті тұрғындар! Тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Туған жеріміздің көркеюі мен тазалығын бірге сақтайық!