
Мерекеге орай аудан әкімі Айбек Купенов Байғанин ауданының тұрғыны, ауылдың қадірлі ақсақалы Құтым Қасеновтің шаңырағына арнайы барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Құтым Қасенов көкөніс өсірумен 30 жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді. Қарауылкелді ауылының тұрғыны бұл кәсіпті ерте бастап, оны табысты еңбек көзіне айналдырған. 2020 жылы заманауи жылыжай салып, бүгінде екі маусымда өнім жинап, қияр мен қызанақ өсіруде мол тәжірибе жинақтаған.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, көп жылғы адал еңбегі үшін Құтым Қасеновке Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Бұл марапат – ауыл еңбеккерлеріне көрсетілген зор құрмет пен еңбектің әділ бағасы.