
Мереке қарсаңында аудан әкімі Айбек Купенов аудан орталығында орналасқан «Нұр-Ай», «Керуен», «Аянбек» азық-түлік дүкендерін аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар тауарларға белгіленетін сауда үстемеақысының 15 пайыздан аспауы, сондай-ақ тауар бағаларының сөрелерде ашық әрі нақты көрсетілуі жөнінде кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімі азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажеттігін атап өтіп, бұл бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.