«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында 20.09.2025 жылы Байғанин ауданы прокуратурасымен аудандық полиция бөлімі бірлесе жолда қабылдау акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың көлік, жол және әкімшілік заңнама саласындағы сауатын арттыру, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Бұл жай ғана шара емес, бұл халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайту құралы. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін ұғындыруда мұндай акциялардың маңызы зор.
Байғанин ауданының прокуратурасы